Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға ерлі-зайыптының үйінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдымен ерлі-зайыптылардың арасында жанжал шыққан. Ауыр жарақат алған әйелді оның кіші ұлы тауып, бірден жедел жәрдем шақырған көрінеді.
Десе де, дәрігерлердің әрекетіне қарамастан, әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан жан тапсырған.
Оқиғаға қатысты ақпаратты Түркістан облысының Полиция департаменті растады.
– Күдікті ұсталып, қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Көршілердің сөзінше, әйелдің жанында бірінші болып кіші ұлы болған. Анасының дауысын естіген жас жігіт бөлмеге кіріп, оны қансырап жатқан жерінен көрген.
Кейбір ақпарат көздерінде ер адамның оқиғадан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы мәлімет тарады. Бірақ, бұл ақпаратты полиция әзірге ресми түрде растаған жоқ.
Ерлі-зайыпты бірге тұрған 25 жыл ішінде 4 бала тәрбиелеген. Қылмысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталмақ.