Орал қаласында 25 жыл бұрын болған қылмыс ашылды

284

Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында орын алған. 

Орал қаласында 25 жыл бұрын болған қылмыс ашылды Фото: бейнежазбадан

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 2 күдікті – тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталды.

Ол кезде 2 адам оқ жарақатынан қаза тапқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.

"Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды. Қылмыстық іс "Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі" бабы бойынша жүргізілуде. "Заң және Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылауда", – деп атап өтті ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу