25 жыл жазықсыз түрмеде отырған азамат ақталды

988

25 жыл жазықсыз түрмеде отырған азамат ақталды

Сот АҚШ-тың Мичиган штатында 1992 жылы адам өлтірді деген айыппен сотталған Десмонда Рикст есімді азаматты ақтады, деп хабарлайды abctv.kz

Десмонд Рикст 25 жыл бойы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысқан. 2015 жылы оның адвокаттарының қолына құрбанның денесінен алынған оқтың суреті түседі. Суреттегі оқ 1992 жылы сотта көрсетілген оққа ұқсамай шықты. Осылайша, Рикстің қорғаушылары істі қайта қарауға рұқсат алып, оның кінәсіздігін дәлелдеді. 51 жастағы Рикст қазір бостандыққа шықты.  

"Мен мұңайып жүрген жоқпын, ашуланбаймын да. Мен тек қуаныштымын. Енді жұмысқа тұрамын. Салық төлеймін. Ел қатарлы азамат болғым келеді",-деп жазған инстаграм желісінде кінәсіз тұтқын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу