25 жылда 17 заң Конституцияға сәйкес емес деп танылған

1147

1996 жылден бері Конституциялық кеңеске 200-ден аса өтініш келіп түскен.

25 жылда 17 заң Конституцияға сәйкес емес деп танылған

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Конституциялық кеңес мүшесі Унзила Шапак мәлім етті. 

"30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының конституциясының қабылданғанына 25 жыл толады. Негізгі заңның мерейтойы қазақстандық мемлекеттілікті дамытудағы айтулы оқиға болады. Осы жылдар ішінде Қазақстан Конституциясы өзінің жоғары әлеуетін көрсетті, бейбітшілікті, татулықты және елдің берекелі дамуын, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуін көрсетті", – деді Унзила Шапак. 

Ата заңымыз қабылданған ширек ғасырда 3 рет ірі конституциялық реформа жүргізілді. 1998 жылы, 2007 жылы және 2017 жылы. 

"Бұл өзгерістер қоғам мен мемлекеттің дәйекті дамуы жолында жаңа заңды кезеңді ашты", – дей келе спикер Конституциялық кеңестің қызметіне тоқталды. 

"1996 жылдың ақпанынан бастап осы уақытқа дейін Конституциялық кеңеске 200-ден астам өтініш келіп түсті. Оның 29-ы Парламент қабылдаған және Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылған заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексеруге қатысты болған. Ал 15 өтініш бойынша жалпы 17 заң Конституцияға сәйкес емес деп танылған. Кеңес Конституция нормаларын ресми түсіндіру бойынша 100-ден астам өтінішті қарады. Олар бойынша 80-нен астам нормативтік қаулы қабылданды", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу