26.06.2026: Қазақстандықтар ерекше күні неке қиюға асықты

235

​Некеге тұрғандардың нақты саны әлі жарияланбады.

26.06.2026: Қазақстандықтар ерекше күні неке қиюға асықты Фото: ЖИ

26 маусым күні Қазақстанда некеге тұруға асыққандар саны артты. Болашақ жұбайлар АХАТ бөлімдеріне таңнан бері көптеп жиналып, некесін дәл осы күні қиюды жөн көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда өңірлердегі АХАТ бөлімдеріне барған жастардың қарасы көп екенін байқауға болады.

Осыдан бірер күн бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 2026 жылғы 26 маусым күніне неке қиюды мемлекеттік тіркеуге өтініш қабылдау 11 маусымда аяқталғанын хабарлаған болатын. Бұл күні некені тіркеуге қазақстандықтардан 4 мыңнан астам өтініш түскен.

"Әдетте, сандардың ерекше үйлесімі бар күндер болашақ жұбайлар арасында сұранысқа ие. Осы жолы белсенділік танытқан Алматы қаласы – 830 өтініш тіркелді, Астана тұрғындарынан 740 өтініш келіп түсті. Ал Шымкент қаласында өтініштер саны 141-ге жетті", – делінген хабарлама.

Күнтізбедегі келесі ерекше дата 07.07.2027 болары сөзсіз. Сарапшылар бұл күннің де отбасын құруға ниетті жандар арасында үлкен сұранысқа ие болып, неке қию бөлімдерінде ұзын-сонар кезек тудыруы мүмкін екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу