26-28 қазан аралығында Astana Media Week-2022 өтеді

680

Медиа апта алтыншы жыл қатарынан өтіп жатыр. 

26-28 қазан аралығында Astana Media Week-2022 өтеді Фото: Жанасыл Болатбек

26-28 қазан аралығында Елордада Astana Media Week-2022 өтеді. Оған 150 отандық және шетелдік спикерлер қатысады, деп жазады Inbusiness.kz.

Жылдың басты тақырыбы – "Жаңа дəуір-жаңа медиа". Тақырып жобаның үш құндылығында жанасады: жаңа шындыққа деген сенім, жаңа уақыттағы кəсібилік жəне БАҚ-тың үздіксіз дамуы.

Медиа апта бағдарламасы аясында Бас редакторлар клубының форумы, өңірлік БАҚ форумы, дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, баспасөз хатшылары мен журналистерге арналған шеберлік сағаттар, продакшн-компанияларға арналған питчингтер, контент-маркер жəне т.б. жоспарланған.

"Meta" аптаның жеке медиа тақырыбы ретінде талқыланбақ. Метаның дамуы БАҚ-қа қалай əсер етеді? Қазіргі медиа үшін оның қандай артықшылықтары бар? Бұл сұрақтарға еліміздің танымал саяси қайраткерлері жəне арнайы қонақ ретінде шақырылған Мeta əрі TikTok топтарының басты қатысушылары негізгі пленарлық отырыста жауап береді.

Форум аясында арнайы сессиялар да өтеді.

Мысалы, екінші күні "Қазақстандағы жарнама медиа-нарығы: қазіргі жағдайы" тақырыбындағы пікірталас алаңы өтеді. Бұдан бөлек медиа-сарапшылар келесі жылға арналған жаңа сериалдардың идеяларын, тақырыптарын ұсынады. 

Үшінші күні Қазақстанның баспасөз хатшыларына арналған жеке сессия жұмысы қарастырылған. 

Astana Media Week-2022 баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін "ҮРКЕР" сыйлығын салтанатты түрде табыстау рəсімімен аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу