26 қаңтардан бастап бірқатар жол ақылы болады

1336

Қала маңы қоғамдық көліктері, жедел-жәрдем, полиция қызметкерлері, өрт сөндіру мекемесінің көліктері тегін жүреді.

26 қаңтардан бастап бірқатар жол ақылы болады

26 қаңтардан бастап еліміздегі бірнеше бағыттағы республикалық жолдар ақылы болады. Атап айтсақ, Алматы – Қапшағай, Астана – Теміртау, Алматы – Қорғас тас жолдары. Ақпаратты "Қазавтожол" ҰК өкілдері таратты.

Ақысын алдын ала картамен аударған жағдайда, жарты құны ғана алынады. Нақтыласақ, жеңіл көліктерге Астана – Теміртау бағыты бойынша алдын ала төлем жүргізу –  200 теңге,  қолма қол ақшамен – 400 теңге. Алматы – Қапшағай жолында, картамен алдын ала төлем 100 теңге болса, қолма қол 200 теңгені құрап отыр. Ал Алматы – Қорғас тасжолындағы ақы 300 теңгеден 600 теңгеге дейін. 

Жүк көлігіне, автобустарға арналған прайс компания сайтында  көрсетілген. Ал, қала маңы қоғамдық көліктері, жедел-жәрдем, полиция қызметкерлері, өрт сөндіру мекемесінің көліктері тегін жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу