ІІМ: 26 қарашада Астанада өткен митингте 18 адам ұсталды

Ішкі істер министрінің орынбасары осыған қатысты ақпаратпен бөлісті.  

ІІМ: 26 қарашада Астанада өткен митингте 18 адам ұсталды Фото: Әлеуметтік желіден

Мәжіліс кулуарларында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехаға жуырда елордада өткен митингтер туралы сұрақ қойылды.

Айтуынша, оның ұйымдастырушысы - Марат Әбиев. Ол 15 тәулікке қамауға алынған.

"Барлығы 300-ге жуық адам көшеге шықты. Олар әр өңірден келген. Олар халықты 1,5 сағаттан соң Ақордаға қарай жүруге шақырған. 18 адам ұсталды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өзге адамдар 20 минутта тарады", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Сонымен қатар ол қалада сол күні интернеттің өшуіне қатысты пікірін айтты.

"Бүкіл қалада интернеттің өшуі бұл оқиғаларға еш қатысы жоқ", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу