26 қарашадан бастап Шымбұлақта сырғанауға болады

74

Ертең Шымбұлақ тау-курортында қысқы маусымның техникалық ашылуы болады.  

26 қарашадан бастап Шымбұлақта сырғанауға болады Фото: gov.kz

Ал, бірер күнде Шымбұлақта қысқы сырғанау маусымының ашылу рәсімі өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Шымбұлақ тау-курортының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 қарашадан бастап Сол жақ Талғар және жаңадан бастаушыларға арналған: Ақ қонжық, Жылан және Ақ барыс трассаларында сырғанауға болады.

– Негізгі жалға беру аумағы мен маусымдық локерлер Медеу базалық станциясына көшірілгенін еске саламыз. Шымбұлақ станциясында күнделікті форматта зат сақтауға арналған ұяшықтар бар, – деп хабарлады курорттан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу