26 паралимпиада спортшысы Токио ойындарында Қазақстан намысын қорғайды

795

Бүгін Токиода Паралимпиада ойындары басталады, деп хабарлайды Atameken Business.    

 26 паралимпиада спортшысы Токио ойындарында Қазақстан намысын қорғайды

Жарысқа әлемнің 136 елінен 5000-ға жуық спортшы қатысады.  Қазақстан намысын 26 спортшымыз қорғайды. Біздің құрама паралимпиадаға осымен 7-ші мәрте қатысып отыр. Биылғы жылы отандық спортшылар 25 лицензия жеңіп алды. Жүзуде 7,  дзюдода 6 және пауэрлифтингтен 5 жолдамамыз бар. Бұған қоса қазақстандық спортшылар - жеңіл атлетика, таэквондо, ескек есу және оқ ату бағыттары бойынша да сынға түседі. Қазақстан бұл жарыстарға алғаш рет осындай кең құраммен барды. Бұған дейінгі рекорд 12 спортшы болатын. Риода өткен соңғы Паралимпиадалық ойындарда Қазақстан құрамасы 1 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алып, командалық есепте 58-орынға ие болды. Сонымен,  ең алғашқы жарыстар ертең басталып, 5-ші қыркүйекке дейін жалғасады және осы аралықта 540 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу