Қала тұрғындары мен қонақтарына сиреналар қосылатыны туралы ескертілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ағымдағы жылдың 26 шілдесінде сағат 10.00-де жер сілкінісі туындаған жағдайда Алматы қаласының тұрғындарын хабардар ету бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу (КШОЖ) өткізеді.
Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында техникалық ескерту жүйесінің құралдары кешенін қысқа уақытқа қосылады (сирена қондырғылары, телерадиоканал арқылы және мобильді жүктемелер)
"Барлығына назар аударыңыз!" Бұл ТЖ қаупі туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды тарату алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту бірыңғай сигналы.
Дыбыстық сигналды естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты алыс қашықтыққа нұсқаулар алу үшін оқу керек.
Командалық-штабтық құлақтандыру жабдықтарының дайындығын тексеру оқу-жаттығуы халықты хабардар ету және ТЖ-дан қорғау мақсатында жүргізіледі.