26 шілдедегі түскі саудада доллар бағамы қандай?

222

Қазақстан қор биржасы (KASE) 26 шілде күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты. 

26 шілдедегі түскі саудада доллар бағамы қандай? Фото: Жанар Каримова

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 474,83 теңге (+0,10) болды, деп жазады inbsuiness.kz сайты.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,56 теңгеге дейін өсті (+0,16).

Ақша айырбастау орындарында доллар 472,9-474,7 теңгеге, еуро 514-518 теңгеге, ресей рублі 5,37-5,49 теңгеге сатылуда.

Сонымен бірге, 26 шілдедегі аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,01%-ға төмендеп, барреліне $82,36 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,06%-ға төмендеп, барреліне 78,23 долларды құрады.

Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 474,72 теңге, еуроны 515,17 теңге, рубльді 5,58 теңге деп белгілеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу