26 жастағы қазақ боксшысы сегізінші жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады

917

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев (7-0, 5 КО) аустралиялық Стив Гагоны (11-0, 4 КО) жеңіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін біріктірді.

26 жастағы қазақ боксшысы сегізінші жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады

Он раундқа есептелген жекпе-жек 14 тамыз Аустралия астанасы Сиднейдегі ICC Exhibition Centre аренасында өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, 26 жастағы қазақстандық боксшы сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (бес нокаут). Айта кетейік, Жаңабаев Аустралияда алғаш рет жұдырықтасып тұр, бұған дейін ол Қазақстан мен Қытайда екі реттен және Ресейде үш жекпе-жек өткізген. 

Жаңабаевтан кейін рингке тағы бір қазақстандық боксшы – Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) шығады. Оның қарсыласы аустралиялық Рокки Джеркич (17-1, 13 КО). Он раундтан тұратын бұл жекпе-жекке екінші орта салмақтағы WBA International белбеу тігіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу