Батыс Қазақстанда 26 жастағы құтқарушы пышақталды

3442

Шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. 

Батыс Қазақстанда 26 жастағы құтқарушы пышақталды Фото: ТЖМ

Оқиға осы кеште Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу