26 жолаушы өздерімен байланыста болған 45 адамға жұқтырған

825

Алматыда 8305 адам коронавирустық инфекцияны анықтауға сынама тапсырған.   

26 жолаушы өздерімен байланыста болған 45 адамға жұқтырған

Оңтүстік астанаға шетелден келген 26 жолаушы өздерімен байланыста болған 45 адамға Covid-19 жұқтырған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтты.

"Шетелден келген 26 жолаушы өздерімен байланыста болған 45 адамға жұқтырған. Ал 2 жағдай жергілікті. Олармен де байланыста болған адамдар бар", – деді департамент басшысы. 

Осы уақытқа дейін Алматыда 8305 адам коронавирусқа тест тапсырған, оның 73-інде инфекция анықталған. Бұл жалпы көрсеткіштің 0,9%-ы. 

"Әлемдік тәжірибе көрсеткендей коронавирусты алдын алудың негізгі жолы – оқшаулану екенін еске салғым келеді. Қазіргі кезде ауру белгілері бар адамдардың барлығынан сынамалар алынуда. Яғни кеңейтілген тексеріс жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде қалада 24 ауру ошағы бар. Олардың барлығы оқшауланған", – деді Айзат Молдағасымова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу