26 жылда елімізде ЭКО әдісімен қанша сәби дүниеге келді?

1064

2020 жылы елімізде 9 мыңнан аса әйел бедеулік есебінде тұрған.

26 жылда елімізде ЭКО әдісімен қанша сәби дүниеге келді?

1995-2021 жылдар аралығында Қазақстанда бір балаға зар болған 85 мыңға жуық ерлі-зайыпты қосалқы репродуктивті технологиялар арқылы емделген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

 "Бүгінде экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКО) бағдарламасы бойынша емделуге есепте тұрған науқастардың саны – 12 320. Оның 12 245 әйел және 75 ер адам). Өткен жылы елімізде 9 050 әйел бедеулік есебінде тұрған",  деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігі inbusiness.kz тілшісінің сауалына.

Сонымен қатар 1995 жылдап Қазақстанда бала сүюге зар болып отырған 85 мыңға жуық ерлі-зайыпты қосалқы репродуктивті технологиялар әдісі арқылы емделген.

"Емдеу тиімділігі орта есеппен 15%-дан 42%-ға дейін өсті. Осы уақытқа дейін елімізде "пробиркадан" 22 500-ден аса сәби пайда болды", - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігі.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу