261 мұнай-газ ұйымы Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қадағалауында

684

Елімізде мұнай-газ саласында 261 ұйымға 175 рет тексеру жүргізілген, деп жазады inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

261 мұнай-газ ұйымы Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қадағалауында

Аталған объектілердің барлығы өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қадағалауында.

Атап айтсақ, мұнай және газ өндіру бойынша – 117, мұнай мен газды магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалдайтын – 50 ұйым жұмыс істейді. Ал, ұңғымаларды бұрғылау және жөндеумен айналысатын 94 ұйым бар.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мақсатында мемлекеттік инспекторлар аталған мұнай-газ саласындағы ұйымдардың жұмысын бақылап отырады. Жыл басталғалы 175 тексеру жүргізілген. Оның ішінде 87-сі ерекше тәртіп бойынша, қалғаны жоспардан тыс тексеру. Мониторинг барысында 6 мыңнан астам бұзушылық анықталды.

Адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін 5 субъектіде 115 объект тоқтатылды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін 85 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 11,5 миллион теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу