27-29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

1238

Солтүстік облыстарда аяз сақталады.

27-29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМҚ 27-29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Апта басынан бері еліміздің барлық облысында аяз күшейді. Ауа температурасының күрт төмендеуіне Сібір антициклоны әсер етті. Желтоқсанның соңына дейін аяз сақталады, әсіресе түнде температура солтүстік облыстарда айтарлықтай төмен болады. Дегенмен елдің батысында аяздың беті қайтып, жылы әрі ылғалды ауа массалары келе бастаған.

Синоптиктер осы циклонның шығыс бағытта жылжуынан кей жерлерде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан қатты жел тұрады деп болжайды. Температура біртіндеп көтеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу