Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың сәуіріндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 27 ақпан Мәскеу уақытымен сағат 8:00-дегі бағасы $0,43 (0,66%) көтеріліп, барреліне $65,64 құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында сәуірдегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,49 (0,88%) төмендеп, барреліне $55,99 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу