Қарашаның екісі күні Тарбағатай ауданында 27 бас сиыр тиеген көлік тоқтатылды. Маңырақ ауылының маңында түнгі сағат 1-де полицейлер тоқтатақан Камазда 27 бас ірі қара болған. Бір де бірінің құжаты жоқ, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Тексеру барысында күдіктілер сиырды жайылымда жүрген жерінен тиеп алғандығы анықталды. Табын иесі шығынның көлемі 8 миллион екендігін атады.
Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста мал ұрлығына қатысты жедел тексеру іс-шарасы жүруде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу