Доллардың теңгеге шаққандағы құлдырауы жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,73 теңгеге төмендеп, 448,89 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 27 ақпандағы ресми бағамы долларға 449,96 теңгені құрайды.
kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 449,59 теңгені, сатылымы 451,46 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 447,93 теңгеден сатып алынып, 451,99 теңгеден сатылуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу