27 қарашадан бастап автомектептерде интернет арқылы оқуға болады, деп хабарлайды, zakon.kz
ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ақпаратынша, мұндай мүмкіндікті A, B және A1, B1 санаттары бойынша жүргізуші куәлігін алғысы келетіндер пайдалана алады.
"Жүргізушілерді дайындаумен айналысатын ұйымдар өздерінің жеке білім беру сайттары арқылы сабақты видеосабақтар, скайп-сабақтар және басқа да интерактивті форманың көмегімен теорияны онлайн оқыта алады. Қашықтан оқытудың үлесі 80%-дан кем болмауға тиіс. Сондай-ақ, көлік жүргізуден практикалық сабақтардан да өтуі қажет", – дейді полиция комитетінен.
Автомектептер теориядан емтихандарды да онлайн-режимде қабылдайды. Теориялық және практикалық емтхандарды сәтті тапсырған білім алушылар автомектепті бітіргенін растайтын құжаттар ала алады.