27 көлік жолда қалды

900

Жазғы дөңгелекпен жүрген 30-ға жуық көлік орындарынан қозғала алмай қалған.  

27 көлік жолда қалды

Алматы облысының Кеген асуына қалың қар жауып, жолаушылар жолда қалды, деп хабарлайды  Аtameken Business.      

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, таулы аймаққа түскен қардың қалыңдығы 8 сантиметрге дейін жеткен. Қазір Кеген асуында жол қозғалысы қалпына келтірілді. Мамандар қарды тазалап, тас жолға инертті материалдар сепкен. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар, ауа райының қолайсыздығына байланысты жарияланған хабарламаларды қатаң ескеруді сұрап отыр. Мәселен, бүгін еліміздің 6 облысына күн райы қолайсыздық танытады. Солтүстік Қазақстанда жауын жауып, арты қарға ұласса, еліміздің шығысында соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу