27 мамырдағы саудада доллар арзандады

228

Ұлттық банктің 27 мамырға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 443,35 теңге.

27 мамырдағы саудада доллар арзандады Фото: Pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 0,30 теңгеге төмендеп, 1 доллар 442,84 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 27 мамырға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 443,35 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 442,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 444,1 теңге.

Ал Астана қаласында сату бағасы – 440 теңге болса, сатып алу – 445 теңге.

Ресей рублі Алматыда 4,91 - 4,99 теңге, Астанада 4,9-5,02 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу