27 мектепте пилотты жоба аясында футбол сабағы енгізілуде

1879

27 мектепте пилотты жоба аясында футбол сабағы енгізілуде

Павлодар облысының 27 мектебінде пилотты жоба аясында футбол сабақтары енгізілуде. Бұл туралы білім беру басқармасы тәрбие жұмыстары және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Азамат Сыздықов хабарлады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Мектептер спорттың аталған түрі бойынша көрсеткен нәтижесі мен материалдық-техникалық жағдайына қарай таңдалып алынды. Сонымен қатар, апробациялау жүргізуге дайын дене тәрбиесі мұғалімдері болуы тиіс. Футбол  – әлемдегі ең әйгілі және бұқаралық спорт түрі. Әлемдік ойыншылардың басым бөлігі өздерін бала кезінен әуесқой командалық немесе аймақтық жарыстарда көрсете білген", - дейді Азамат Сыздықов.

Облыста сегіз мыңнан аса жас спортшы ауылдық мектептерде, балалар-жасөспірімдер мектебінде және футбол орталықтарында, кәсіби командаларда, футбол секцияларында шұғылданады. Футбол, шағын футбол, футзал бойынша мектепшілік, аудандық, қалалық және облыстық жарыстар жиі өткізіледі. Біздің спортшыларымыз республикалық жарыстарда нәтижелі ойын көрсетеді. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Орта білім беру ұйымдарының 1-4 сыныптарында дене тәрбиесінің әр үшінші сабағында "Футбол сабағын" сынақтан өткізу туралы" бұйрығына сәйкес республиканың түрлі облыстарында бастауыш сыныптарында футболға апробациялау жүргізілетін бірқатар мектептер анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу