Контрафактіні Қазақстаннан жүк көлігі әкелген, деп хабарлайды inbusiness.kz РФ Федералдық кеден қызметінің сайтына сілтеме жасап.
Жүк көлігі Веселоярск бақылау-өткізу бекетінің маңында ұсталды. Ол халық тұтынатын тауарларды тасымалдады: тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, ойыншықтар. Тексеру барысында аталған тауарлардың арасынан кеденшілер тасымалдау құжаттарында жоқ LEGO логотипі бар балаларға арналған жинақтарын, оның ішінде NINJAGO, MINECRAFT, MARVEL, STARWARS серияларынан контрафактілік белгілері бар жиынтықтары анықталды.
Сараптама ойыншықтардың түпнұсқа емес екенін растады. Нарықтағы партияның болжамды құны 25 млн рубльден асуы мүмкін. Бренд иелеріне келтірілген шығынды анықтау жұмыстары жүргізілуде.