27 шілдеде еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

412

Синоптиктер 27 шілде, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

27 шілдеде еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады Фото: google.com

Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл соғады.

Тек республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын жоқ, күн ашық.

Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстікте, солтүстік-батыста тұман болады.

Күндіз Түркістан, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Абай облыстарында, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық сақталады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 42-43°С өте қатты ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу