Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,80 теңгеге төмендеп, 455,50 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақша айырбастау орындарында доллар 456,3-458,3 теңгеге, еуро 500-503 теңгеге, ресей рублі 4,93-5,07 теңгеге сатылуда.
Ұлттық банк еуроның бағамын 502,39 теңге, рубльді 4,99 теңге деп белгіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу