270 адам "Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!" акциясының жеңімпазы болды

1217

Мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы "Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!" ақциясын жалғастыруда.

270 адам "Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!" акциясының жеңімпазы болды

ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, биылғы жылғы 21 тамыздан 25 қыркүйекке дейінгі кезеңде "Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!" акциясына 3 971 адам қатысыпты. Олар 40 139 чек жолдаған.

"Көрсетілген кезең 270 жеңімпаз анықталды, ең көп жеңімпаздар саны Қостанай облысында – 51 жеңімпаз, Маңғыстау облысында – 28 жеңімпаз, Солтүстік Қазақстан облысында – 27 жеңімпаз, Алматы қаласы мен Ақмола облысында 23 жеңімпаз анықталды",– деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы "Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!" ақциясын жалғастыруда. Шара азаматтық белсенділікті арттыруға, азаматтардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық мәдениеттерін тәрбиелеуге, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекеге қабілеттілікті ынталандыруға бағытталған.

Бұл акцияға онлайн-БКМ фискальды чегінің деректерін ұсыну жолымен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сатып алуын растаған ел азаматтары қатыса алады. Чекті жөнелткеннен кейін қатысушыда 5000 теңгеге дейін өз теңгеріміне қаражат ұтып алу мүмкіндігі болады. Жедел жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ барлық жөнелтілген чектер акцияның бас жүлде ұтысы – автомобиль.

Онлайн БКМ чектері биылғы жылғы 21 тамыздан 30 қараша аралығында қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу