270 қызметкері бар Теміртаудағы спорт клубы жабылатын болды

808

270 қызметкері бар Теміртаудағы спорт клубы жабылатын болды

Сәтсіз саудадан кейін "Теміртау" Спорт клубы" мемлекеттік кәсіпорнына қарасты спорт сарайының, мұз сарайының, "Жастар" бассейнінің, "Металлург" алаңының қызметкерлері жұмыстан шығарылатын болды. Енді бұл спортклубқа мемлекет ақша бөлмейді деген сөз, деп хабарлайды abctv.kz.

Жалпы саны 270 жұмысшы, соның ішінде спорттың 27 түрінен 57 жаттықтырушы жұмыссыз қалатын болды.

"Теміртау" Спорт клубы" мемлекеттік кәсіпорнының ұжымы мен директоры түкке түсінбей отыр. "Өкінішке қарай, бізге клубтың жабылатындығын хабарлады. Жақсы жұмыс жасап тұрған нәрсені қалай жабуға болады?", - дейді  директор Нұрлан Таурбаев.

Оның сөзінше, клубта толық емес және тұрмысы төмен отбасылардың, төмен сыныптың оқушылары, жалпы  1800 бала жаттығады екен. Сонымен қатар зейнеткерлер, ардагерлер, спорт ардагерлері де тегін жаттығады екен

"Алда жылу беру маусымы келе жатыр. Егер кәсіпорынды жай ғана жаба салсақ, онда барлық жылу жүйесі қатып қалады. Оны қайта қалпына келтіру бюджетке қымбатқа түседі. Мен Теміртау әкіміне біздің нысанның жұмысын жалғастыруына мүмкіндік табуына өтініп, хат жазамын. Мүмкін әкімдік жағдайды ушықтырмас", - дейді Нұрлан Таубаев.

Спортклуб үш рет сатылымға қойылды. Оны сатып алуға сұраныс болмады. Бағалаушы комиссия клубты 1 миллиард 192 миллионға бағалаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу