275 мың долларды жануарлар үйіне аударды

921

275 мың долларды жануарлар үйіне аударды

83 жастағы Дэрил Мутц есімді адам қайтыс боларында, 275 мың доллар көлеміндегі қаржысының Нью-Уэстминстердегі жануарлар үйіне берілуі үшін өсиетхат қалдырыпты. Бұл туралы News Vancouver-ге сілтеме жасап, abctv.kz хабарлайды.

Отбасы, бала-шағасы жоқ оған өмірінің соңғы кезінде жалғыз иті ғана серік болыпты. Сондықтан, жануарларды аса бір жақсы көрмесе де, ақшасын егесіз жануарларға қарайтын мекемеге қалдыруды жөн көріпті.

Аталған өсиетхатта қаржыны жұмсаудың тәртібі де жазылған. Мысалы операция мен стомотологиялық қызметтерге зәру жануарлар үшін 55 мың доллар, жануарлардың өзіне тән қасиеттерін сақтауы үшін жасанды қуыршақтар әперіп, арнайы тренингтер өткізу үшін  115 мың доллар жаратылу керек екен.

Жануарлар үйіне жергілікті билік әдетте көп қаржы бөле қоймайтын. Сондықтан, аяқ асты табылған көмекке қызметкерлер қатты қуанды. Себебі, бұл ақша жануарлар үйін 5 жыл қаржыландыруға жетеді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу