276 елдімекен су басу қаупі жоғары аймақта тұр

885

Көктемде 72 автокөлік жолын су шайды. 

276 елдімекен су басу қаупі жоғары аймақта тұр

Мұндай оқиға Ақмола облысында – 33, Ақтөбе облысында  – 1, Атырау облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды облысында – 8, Қостанай облысында – 9, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 15 рет тіркелді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин халыққа есеп беру барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Су тасқынын жоюға министрліктің әскери бөлімдері жұмылдырылды. 1 315 әскери қызметкер мен 117 бірлік техника уақытпен санаспай жұмыс істеді. 
Жыл басынан бері әскери қызметкерлер Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және еліміздің басқа өңірлерінде адамдар мен материалдық құндылықтарды су тасқынына құтқаруға қатысты", – деді Юрий Ильин.

Оның айтуынша, су тасқыны қаупі төнген 905 елдімекеннің 315-нен қауіп алынып тасталды. 314 елдімекеннің тәуекелі азайтылды. Қазір 71 055 тұрғын үй мен 358 598 адам қауіпсіз жағдайда. 

"276 елдімекен су басу қаупі аймағында тұр. Бұл жерде 270 мыңнан астам адам бар", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу