277 шақырымдық "Атырау-Астрахань" тас жолының 60 шақырымына асфальт төселді.

690

Жолдың қалған 217 шақырымында (барлығы 4 учаске) мердігер ұйымдар асфальт қабаттарын орнату үшін үш асфальт-бетон зауытын (АБЗ) іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz “ҚазАвтоЖолдың” баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

277 шақырымдық "Атырау-Астрахань" тас жолының 60 шақырымына асфальт төселді.

Маусым айының ортасына дейін тағы екі қосымша асфальт-бетон зауытын іске қосу жоспарланған.

"Бүгінгі таңда 31 су өткізу құбырының құрылысы аяқталды, тағы 20-сы салынбақ. Жобада қарастырылған 8 мал айдау өткелінің 6-ның құрылысы аяқталды",- дейді "ҚазАвтоЖолдан".

Бұдан басқа, биылғы жол құрылыс маусымында ұзындығы 28 км болатын "Атырау қаласының солтүстік айналма жолының" құрылысы басталмақ. Ол 2,5 жылдан кейін пайдалануға беріледі.

"Қазіргі уақытта мердігер ұйым дайындық жұмыстарын бастап кетті, арнайы техника мен персоналды жұмылдырып жатыр",- делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу