Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпараттық порталдың мәліметінше, мұндай ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған. Онда оқу орнының тағы екі лауазымды тұлғасы мен екі компанияның басшылары қамауға алынғандығы айтылған.
Экономикалық тергеу департаментінде ректорды ұстау туралы ақпаратты растады.
Департамент басшысының айтуынша, тергеудің құпиялылығына байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Іс тек мемлекеттік сатып алулармен байланысты екені белгілі болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу