28 ақпандағы саудада доллар бірден қымбаттады

280

Бүгінгі доллар бағамы - 

28 ақпандағы саудада доллар бірден қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,21 теңгеге көтеріліп, 451,31 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 ақпандағы ресми бағамы долларға 448,89 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 450,85 теңгені, сатылымы 452,72 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 448,97 теңгеден сатып алынып, 453,99 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу