28 дәрігер жұмыс барысында коронавирус жұқтырған

1572

"Медицина мамандарының арасында туыстарынан індет жұқтырғандар да бар".

28 дәрігер жұмыс барысында коронавирус жұқтырған

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған медицина өкілдері қайда емделетінін айтты.

"28 медицина қызметкері өзінің кәсіби міндетін орындау кезінде індет жұқтырған. Басқа науқастар арасында да медицина өкілдері бар. Олар ауруды жұмыс орнында емес, өздерінің туыстарынан жұқтырған. Яғни, ауру жұқтырған кездегі әрекеттері коронавирус инфекциясымен күреске байланысты болмаған. Сондықтан, бұл топ жеке мониторингке алынды. Екі топтағы адамдардың да жұмыс орны індетке қарсы өңделеді. Ауру жұқтырған адам жұмыс істеген ұжым қандай мекеме болса да, карантинге алынады. Ал аурулар емделіп жатқан нысандарда тәуекел өте жоғары. Сондықтан ондағы медициналық қызметкерлерді мұқият қараймыз. Олар да  басқа азаматтармен бірге ауруханаға жатқызылып,  коронавирустен емдеуге арналған медициналық мекемелерде ем алады", – деді Ерлан Біртанов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу