28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы ескерткіштердің тақтайшалары ұрланған

1152

Жедел-тергеу тобы құрылды.

28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы ескерткіштердің тақтайшалары ұрланған

Алматы қаласы Медеу ауданының полиция бөлімі 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық ескерткіштерден шойын тақтайшалардың ұрлануы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Медеу ауданының полиция басқармасында тергеу амалдары жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.

Полиция жедел шаралар кешенін өткізу барысында қылмыстың мән-жайы мен кінәлілер анықталып, кейін олар жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деп жазылған хабарламада.

Жеңістің 30 жылдығына орай саябақтың орталық бөлігінде орнатылған мемориалдық ескерткіштердегі шойын тақтайшалар мен гранитті триптихтен жасалған металл әріптер, жуырда жоғалып кеткен.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, саябақта батырлардың аты-жөні жазылған 15-ке жуық тақтайша бүлініп, гранит тақтайшалары сынған. Мәңгілік алау жанындағы орталық мемориалдағы жазу да бүлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу