28 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

997

Нөсерден кейін су тасқыны болып, Үндістанның Пуна қаласында 13 адам көз жұмды, хабарсыз кеткендер де бар. Қазір олардың саны нақтыланып жатыр.

28 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Үндістанда су тасқыны болып, құтқару қызметі 28 мыңнан аса тұрғынды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді, деп хабарлайды Atameken Business.

Пуна ел астанасынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Қаладағы тұрғын үйлер қирап, бірқатар адам соның астында қалып қойған.

Үндістанда жаңбырлы маусым 4 ай қатарынан болады. Биыл жауын жиі болғандықтан, бірқатар өндіріс орны жабылып, экономикалық өсім баяулады. Ауыл-аймақтағы инфрақұрылымдар су астында қалды. Ылғал жоғары болғандықтан, ескі ғимараттардың іргетасы сөгіліп, біраз баспана құлап қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу