28 наурыздағы саудада доллар бағамы тағы құлдырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,42 теңгеге төмендеп, 448,15 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 наурыздағы ресми бағамы бір долларға 449,58 теңгені құрайды.
kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 448,31 теңгені, сатылымы 449,73 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,97 теңгеден сатып алынып, 451,99 теңгеден сатылуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу