28 тамызда доллар бағасы қалай құбылды?

208

Бүгінгі доллар бағамы - 481,22 теңге.

28 тамызда доллар бағасы қалай құбылды? Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы 28 тамыздағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 481,22 теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір тәулікте 0,7 теңгеге, бір айда 7,6 теңгеге өсті. Қазақстандағы айырбастау пункттерінде орташа алғанда келесі валюта бағамдары белгіленген:

доллар: сатып алу – 481 теңге, сату – 482-482,5 теңге;

еуро: сатып алу – 535-536 теңге, сату – 538-539 теңге;

рубль: сатып алу – 5,17-5,2 теңге, сату – 5,25-5,27 теңге.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 78,7 долларды құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу