28 тамызда елдің бірнеше өңірінде қауіпті ауа райы орнайды

335

28 тамызда бірнеше өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және шаңды дауыл күтіледі.  

28 тамызда елдің бірнеше өңірінде қауіпті ауа райы орнайды Фото: alau.kz

"Қазгидромет" 28 тамызға бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана: жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, жел 15-20 м/с.

Шымкент: төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы: солтүстікте шаңды дауыл, жел 15-20 м/с, төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысы: жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ, тұман, жел 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы: жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, тұман, жел 15-20 м/с.

Павлодар облысы: жаңбыр, найзағай, күндіз шығыста жел 15-20 м/с.

Қарағанды облысы: жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман, жел 15 м/с. Оңтүстікте төтенше, батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы: жел 15-20 м/с, төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысы: жаңбыр, найзағай, тұман, жел 15-20 м/с. Бірқатар ауданда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы: төтенше өрт қаупі, орталық пен солтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы: жаңбыр, найзағай, жел 15-20 м/с. Батыс пен солтүстікте төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысы: солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы: күндіз 35°С-қа дейін ыстық, жел 18 м/с-қа дейін. Бірқатар ауданда төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысы: күндіз 35°С-қа дейін ыстық, Алакөл маңында жел 15-20 м/с. Бірқатар ауданда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы: таулы аудандарда жел 15-20 м/с, төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысы: күндіз орталықта шаңды дауыл, жел 15-20 м/с, төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы: түнде және таңертең тұман, күндіз оңтүстік-шығыста жел 15-18 м/с.

Абай облысы: шығыста тұман, оңтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу