Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық фронттар салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және тәңертең– тұман күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атыраудың батысында, шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстанның басым бөлігінде, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу