285 елдімекенді су басу қауіп сақталуда

898

340 елдімекеннен су басу қаупі жойылды, 8,2 шақырым қорғаныс бөгеті салынып, 8,1 шақырым бөгет жөнделді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

285 елдімекенді су басу қауіп сақталуда

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы шеңберінде 2021 жылы іске асыру жоспарланған 68 іс-шараның 33-і орындалды.

"8,2 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, 8,1 шақырым бөгеттерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Екі гидротехникалық құрылыс салынды. 4 жергілікті құлақтандыру жүйесі орнатылды. Автомобиль жолының астындағы су өткізу құбыры ауыстырылды", – деп жазылған хабарламада.

Бұдан басқа, аталған елді мекендерді су тасқынына қарсы қорғау үшін ТЖМ жергілікті атқарушы органдармен іске асырылатын екі негізгі бағдарламалық құжаттар шеңберінде су тасқынына қарсы жұмыстардың орындалуына мониторинг бойынша жұмыс жүргізілуде.

"Жалпы су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру барысында 340 елдімекеннен су басу қаупі жойылды. 385 елдімекенде қауіп азайтылды. Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар 1 010 елдімекеннің 285-і үшін ықтимал қауіп сақталуда. Өткен тәулікте өңірлер аумағында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 144 379 м3 еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарында 7 961 инертті материал салынған қап төселді. Батыс Қазақстан облысында 250 м2 алқапта өзендерде мұз кесу жұмыстары жүргізілді. Батыс Қазақстан облысында авариялық-құтқару жұмыстарына Маңғыстау және Атырау облыстарының ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 92 адам, 13 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 6 мотопомпа жұмылдырылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу