285 мыңға жуық қазақстандық карантинге байланысты әлі жұмысқа шықпады

914

Сауда және ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, кинотеатрлар мен мейрамханалар әлі жабық.

285 мыңға жуық қазақстандық карантинге байланысты әлі жұмысқа шықпады

Елімізде төтенше жағдай аяқталғанымен, бәріне бірдей жұмыс істеуге рұқсат берілмеді. Атап айтқанда, сауда және ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, кинотеатрлар мен мейрамханалар әлі жабық.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша кемінде 285 мыңға жуық адам карантинге байланысты жұмысқа шықпаған, деп хабарлайды Atameken Business.

2020 жылдың алғашқы тоқсанында қоғамдық тамақтану орындарында 32 мың жұмысшы тіркеліпті. Ал, бөлшек сауда саласында 200 мыңнан астам адам табыс тауып келген. 11 мыңға жуық адам қонақ үй қызметіне жұмылдырылған болса, мәдениет, ойын-сауық, демалыс орындарында 37 мыңға жуық адам жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу