29 алматылық ата-ана құқығынан айрылды

825

12 жасөспірім балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына, бір кәмелетке толмаған жасөспірім ерекше режимдегі арнайы білім беру ұйымына жіберілді.

29 алматылық ата-ана құқығынан айрылды

Жыл басынан бері Алматыда кәмелетке толмағандар құқығын қорғау бойынша комиссиялардың отырыстарында 297 материал қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалақы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі тетіктерінің бірі – қала және аудан әкімдіктері жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың өзара іс-қимыл жасауы. Жыл басынан бері комиссиялардың отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүддесіне қатысты түрлі фактілер бойынша 297 материал қаралды. Нәтижесінде, 29 алматылыққа ата-ана құқығынан айыру түріндегі шара қолданылды, 2 255 ата-ана бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 жасөспірім балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына, бір кәмелетке толмаған жасөспірім ерекше режимдегі арнайы білім беру ұйымына жіберілді", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу