Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.
"Біздің бөлімшенің іздестіру бөлімінің қызметкерлері тексеріс жүргізді, нәтижесінде Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған BMW автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Оның әрекетінде 29 құқық бұзушылықтың белгілері байқалды: ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі – маневр жасау ережелерін бұзу бойынша 27 хаттама, тағы 2 хаттама ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі – апаттық жағдайды туындату бойынша толтырылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 534 мың 750 теңгені құрады", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.