Тамыздың 29 күні елімізде МАГАТЭ-нің аз байытылған уран банкін ашу салтанаты өтеді. Осы күні Астанада ғалымдардың Пагуош қозғалысының сессиясы да өтпек.
КСМ: Бұл қауіпсіздік, қарусыздандыру және ғылыми серіктестік салаларындағы халықаралық және үкіметтік емес ғылыми ұйымдардың қозғалысы. Ал уран банкі Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасатын болады. Оның құрылысы 2 жыл бұрын басталған болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
"Халықаралық сахнадағы тұрақсыздық пен шиеленістер Қазақстанның ядролық қарусыз әлемді құруға деген үндеуінің маңыздылығын айғақтай түсті. Біздің еліміз осы қозғалысты нығайтуға әлі де үлес қоса бермек."
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу