290 млн теңге салықтан жалтарған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

445

Күдікті тергеу изоляторында отыр.  

290 млн теңге салықтан жалтарған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды Фото: Видеодан скриншот

Бас прокуратура аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарған Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеумен анықталғандай, күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болып, кірістер декларациясына бұрмаланған деректерді енгізу арқылы 290 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған. Осы қылмысты жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Биылғы қаңтарда ол Краснодар қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыс үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу