2900 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық бабы бойынша жауапкершiлiкке тартылды

1000

2900 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық бабы бойынша жауапкершiлiкке тартылды

2016 жылы 2900 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық бабы бойынша жауапкершiлiкке тартылған. Бұл туралы бүгін жемқорлыққа қарсы күрес мекемесінің басшысы Қайрат Қожамжаров үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Президент өз кезегінде жемқорлық қылмыс жасап, ұсталып, түрмеге түскен шенеунiктерге қатысты қынжылыс бiлдiрiп, бұл мемлекеттiк мүдде мен сенiмге жасалған сатқындық дедi.

"Оларды "Болашақпен" оқуға жiберiп, тәрбиелеп, барлық қызмет сатысымен өсiрiп, алып келесiң, ал олар түрмеге түседi. Өте өкiнiштi. Мен бұл адамдардың ата-аналарынан да көп уайымдаймын. Бәрi бекер. Менiң ойымша, бұл мемлекеттiк мүдде мен көрсетiлген сенiмге жасаған сатқындық. 2900 адам тергеуде отыр. Сонда да тоқтамайды", – деп қынжылды президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу