3-19 шілде аралығында коронавирус инфекциясынан 210 адам көз жұмды

519

Өлім-жітім ең көп тіркелген аймақ – Нұр-Сұлтан, 114 адам қайтыс болды.

3-19 шілде аралығында коронавирус инфекциясынан 210 адам көз жұмды

3-19 шілде аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 210 адам көз жұмды, деп хабарлады шұғыл штаб.

Ақмола облысында – 7 адам көз жұмды. Ал Атырау облысында – 5, Ақтөбе облысында – 9, Жамбыл облысында – 4, Қарағанды облысында – 6, Маңғыстау облысында – 11, Солтүстік Қазақстан облысында – 2, Түркістан облысында – 18, Павлодар облысында – 8, Нұр-Сұлтан қаласында – 114, Алматы облысында – 19, Шымкент қаласында 7 адам қайтыс болған.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады",– деп жазылған шұғыл штаб мәліметінде.

Елімізде осы уақытқа дейін коронавирустан 585 адам дүние салды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу